25.04.2018, 05:42

Жаңатаста полицей өз үйінде есірткі сатумен айналысып келген

Жамбыл облысында учаскелік инспектордың көмекшісі өз үйін есірткі сататын орынға айналдырған. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында мәлімдеді.

Жамбыл облыстық ІІД мен ҰҚКД-нің мамандары 23 сәуірде Сарысу аудандық ІІБ учаскелік полиция көмекшісі А.Махамбетовті үстады. Ол өз пәтерінде наркопритон ұйымдастырған", - дейді Сәдубаев.

Қазіргі таңда ұсталған полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.