27.04.2018, 03:06

Көкшетауда ағайынды екі жігіт есірткі сатумен айналысқан

Көкшетауда полиция наша сатумен айналысты деген күдікпен екі ағайынды жігітті ұстады, деп хабарлайды Ақмола облыcы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі дка жазады Sputniknews.kz. 

"Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің назарына 27 және 20 жастағы ағайынды екі жігіт наурыздың соңында түскен болатын. Олардың 7 граммнан астам наша сатқаны анықталды", — деп мәлімет берді полиция.

Күдіктілер мекенжайлары бойынша ұсталыпты. Ағасы отбасын құрған, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар, ал інісі ата-анасымен бірге тұрады.

Полиция үйді тінту барысында есірткі қолдануға арналған құралдар тапты. 

Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.