$ 494.87  520.65  4.91

Қытай түрмесіне қамалған қазақ әйел жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қытайдағы Синьзцянның солтүстік-батысында түрмеге қамалған қазақ әйел құпия жағдайда қайтыс болды.

Шетелдік басылымның сөзіне сенсек, 50 жастағы Нұргүл есімді әйел "экстремистік діни көзқарасты таратты" деген айыппен 16 жылға бас бостандығынан айырылады.

Алайда сәуірдің басында қамауға алынғаннан кейін үш ай өткенде ол құпия жағдайда қайтыс болған. Әйелдің таныстары оның білікті дәрігер маман болғанын айтуда.

"Нұргүл соққыға жығылғаннан қайтыс болды ма, әлде дерттен көз жұмды ма, ол жағы белгісіз", – деп жазған СhinaАid сайты.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары