Мәскеу орталығындағы Москва-Сити бизнес-орталығының маңында арнайы жасақ сарбаздары қазақстандық банкир әрі кәсіпкер Жомарт Ертаевты ұстады. Бұл туралы Mash хабарлады.
Ертаевпен бірге қарамағындағы қызметшісі, "Тройка-Д-Банка" бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяков бар.
Ертаевты ұстау операциясы жайлы жазған басылымның сипаттауынша, банкирдің автомобилін және оны шығарып салып келе жатқан көлікті жол бойында тоқтатып алған.
Дереккөз: Tengrinews.kz