$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандыда 300 мың теңге пара алып жатқан прокурор ұсталды

Қарағандыда аудандық прокуратураның қызметкері ұсталды деп хабарлайды ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"2018 жылдың 16 мамырында Бас прокуратура Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері 300 мың теңге пара алып жатқан сәтінде Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е.Балхабекұлын ұстады. Ол бұл ақшаға сотталып жатқан үш адамға бас бостандығынан айырмау жазасын кестіруге уәде берген", - делінген аталған хабарламада.

Ол қазіргі таңда уақытша ұстау абақтысына жабылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары