$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда жас келіншекті аса айуандықпен өлтірген такси жүргізушісіне сот үкімі шықты

Шымкентте жалғызбасты ананы ақшасы үшін аса қатыгездікпен өлтірген такси жүргізушісі жазасын алды. 24 жасар Әйгерім Тасболатованы өз сөмкесімен буындырып өлтірген қаскөйге прокурор екі бап бойынша 18 жыл сұраған еді. Ал судья Қуанышбек Құлбековті 19 жылға бас бостандығынан айырды. Себебі, сот процессі кезінде тағылған айыптар ауырлау түріне өзгертілген деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Үкім оқылғанда 26 жастағы айыпталушы басын бір көтерген жоқ. 19 жыл беріп жатқан кезде залға жиылған  Қуанышбек Құлбековтің туыстары да жазаның ауыр боларын сезген болу керек, селт етпеді. Айта кетсек, оқиға осы жылдың басында болған еді. 40 мың теңге несиесін жаба алмай жүрген таксиші банкоматтан ақша алып тұрған келіншекті көреді. Үйіңе жеткізем деген желеумен Түркістаннан 30 шақырым жердегі Достық ауылының маңына апарады. Көлігін қалың қамыс арасына кіргізіп, сөмкенің бауымен қылғындырып өлтіріп, марқұмның 205 мың теңгесі мен смартфонын алған. Және осы телефонды сатамын деп жүріп ұсталған болатын. Қолға түскен кезде ақталып баққан Қуанышбек Құлбеков екі аптадан соң тергеушілерге қылмысын мойындап, келіншектің мәйітін де көрсеткен. Қаскөй мен оның құрбандығының артында кәмелетке толмаған қос-қостан балалары қалды. Марқұм Әйгерім Тасболатованың жетімдерін бағып отырған жақындары 19 жыл жаза жауыз үшін тым жеңіл деп отыр. Бірақ апелляциялық шағым беретін-бермейтіндері түсініксіздеу болып қалды.

Дариға Айдарова, марқұмның анасы:

- Қанағаттанбаймын, 20-25 жыл берсін. Алла берсін жазасын. Құдайға тапсырдым. Анасын іздейді жылап, келеді деп қоямыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары