Зағипа Балиева мәжілісте балаларын үйде жалғыз қалыдарытын ата-аналарды жазалау керек деген ұсыныс айтты деп хабарлайы ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта жұмыс тобы ата-аналардың 12 жасқа толмаған балаларын қараусыз қалдыруға құқығы болмайтындығын көздейтін норма әзірлеп жатыр. Егер ол 12 жасқа толмаса тіпті үйде де жалғыз қала алмайды», – деді ол.
Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиеваның айтуынша, елімізде қамқоршы орган қызметі іс жүзінде қызмет атқармайды. Білім беру департаментінде қамқоршы қызметі бір ғана адамға тапсырылады.
«Балаларымызды қорғайтын бірде-бір заңымызда зорлық-зомбылыққа тыйым жоқ екенін ойланыңыздар. Баланы өлтіргені, соққыға жыққаны үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті көздейтін бап қана бар. Біз әзірлеп жатқан заңнамада кемсітушілік дегеніміз не, зорлық-зомбылықты шектеу, ата-ана жауапкершілігін көтеру сынды мәселелер болады», – деді Зағипа Балиева.