13.07.2015, 18:00

13 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды

13 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағанды облысында құрықталды деп хабарлайды Skifnews.kz Қарағанды облысының ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресейлік полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасап, адам өлтірген 35 жастағы азаматқа  2002 жылдан бастап Ресей Федерациясының Алтай өңірі ІІМ қызметкерлері іздеу жариялаған.

13 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыстағы ауылдардың бірінен құрықтады. Енді ол жақын арада Ресей Федерациясына жіберіліп, сот алдында жауап беретін болады.