Маңғыстау облысында жемқорлыққа қарсы қызмет офицері миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды, деп жазады sputniknews.kz мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
"4 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ерекше маңызды істер бойынша офицері парамен ұсталды", — делінген хабарламада.
Қызметкердің пара сұрағаны туралы шетелдік кәсіпкер хабарлап, жедел іздеу шаралары басталған. Офицер бизнесменді қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін миллион теңге пара алыпты.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.