Алматы облысында «Алтынемел» ұлттық паркінің инспекторы болған Ерлан Жетенов 6 жылға сотталды. Ол мас күйінде көлікті тізгіндеп, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, екі адамды қағып өлтірген деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы және Талдықорған қалаларында екі рет жүргізілген сараптама қорытындылары Е. Жетеновтың ішімдік ішкен күйінде көлікті басқарып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін дәлелдеп берген.
1961 жылғы Кербұлақ ауданы Басши ауылының тұрғыны сот үкіміне сәйкес, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған сотталушы жәбірленушілерге 2 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Бірақ сотталушы өзін кінәлі деп санамайды.