15.07.2015, 18:00

Шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болғандар ұсталды

bnews.kz

«Қорғас» бақылау - өткізу бекетіндегі (қазақстандық – қытайлық шекара) шекарашылар елімізден валютаны заңсыз жолмен алып өтпек болған Қазақстан Республикасының 2 азаматын ұстады деп хабарлайды Skifnews.kz  ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекаралық тексеру кезінде отандастарымыздың қалтасынан жарияланбаған, үлкен көлемдегі ақша – 7 миллион теңге табылды.

ҚР азаматтары мен олардың жарияланбаған ақшалары акт бойынша «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкерлеріне табысталды.