$ 494.87  520.65  4.91

Оралда жігіт кафеде танысқан келіншекті ұрып өлтірген

Осыдан 3 ай бұрын қалалық Ішкі істер басқармасы ғимаратының жанынан әйелдің мәйіті табылып, содан жұрт біраз дүрліккен еді. Енді айуандықпен адам өлтірген жігіт 10 жылдан аса уақытын темір торда өткізетін болды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қанды оқиғаны оралдықтар әлі күнге дейін ұмыта алар емес. Ал ертесіне-ақ күдікті ретінде 28 жастағы Әзімбек Асылбеков құрықталады. Ол сол күні жанындағы досымен бірге туған күнін атап өткен екен. Кейін бейтаныс әйелмен танысып, үшеуі сыртқа шыққан соң таксиге отырады.

Күдіктінің соттағы айтқан жауабы бойынша, жол бойында жаңа танысқан әйелмен келсіпеушілік туындайды. Үшеуі таксиден түсіп қалса да, жанжал толастамаған. Ал әйелді ғимараттың артына сүйреп алып кеткен Асылбеков оны аяусыз ұрып, тұншықтырып өлтіріпті.

Бүгін 12 жылға бас бостандығынан айырылған ол моральдық және материалдық шығын есебінде 4 миллион теңге төлеуі тиіс. Бір айта кететін жайт, қылмыстық істе Асылбековтің қасындағы досының аты аталмаған. Бірақ судья «қылмысты жасыру» бабы бойынша бөлек қаулы қабылдағанын айтты.

«Зайнушевтің әрекетінде қылмыстық кодекстің 434-бабында көзделген белгілер байқалады. Сол себепті мен Батыс Қазақстан облысы прокурорының назарына жеткізу жөнінде жекеше қаулы қабылдадым», - деді судья.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары