$ 494.87  520.65  4.91

Астана полицейлері алаяқтық жасаған азаматқа іздеу жариялады

Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімі ірі көлемде алаяқтық жасаған 1972 жылы туылған Тұтақаев Жасұлан Қалымұлына іздеу жариялады.

Автокөлігін сату сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кірген ол 20 мың АҚШ долларын иеленіп, бой тасалаған, деп хабарлады Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (аса ірі көлемде алаяқтық фактісі бойынша) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Егер осы адамды танитын, білетін, көргендер болса, Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ-ге мына телефондар бойынша хабарласуна болады: 71-67-10, 71-67-11, 71-67-09, тел. 102 немесе 8 701 774 38 79.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары