$ 444.22  476.38  4.82

Денис Тенді өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды

Денис Тенді өлтіруі мүмкін деген екі күдіктінің кім екені анықталды деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.

"Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды. Екінші күдіктіні ұстау үшін іздеу шаралары жалғасып жатыр", - делінген аталған хабарламада. Полицейлер тергеу ісінің құпия жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат беруден бас тартты.

Еске салайық, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді кеше күндізгі сағат үштер шамасында Алматыда белгісіз біреулер пышақтап кеткен болатын. Алған ауыр жарақаты салдарынан даңқты спортшы ауруханада қаза тапты. Дәрігерлер оның 3 литр қан жоғалтқанын айтуда.

Белгілі болғандай, Денис өз көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түскен. Оларды үркітпек болғанда спортшыны пышақтап тастаған да, әлгі екеу оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. 

Қазір қылмыстық істің тергелу барысын ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров өзінің бақылауына алды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (Кісі өлтіру) іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары