#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Шымкентте экс-директор мен прокурор соттасып жатыр

24 шілдеде Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты бұрынғы мектеп директоры Элмира Тілеуованың Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің үстінен түсірген арызын қарай бастады деп жазады Азаттық.

Түркістан қаласындағы Майшай Әбенова атындағы мектептің экс-директоры прокурорды жазған өтініш хатына уақтылы жауап бермегені үшін сотқа берген.

Алғашқы отырысқа Нұрғалым Әбдіров келген жоқ. Оның орнына сотқа прокуратура өкілі Нұрлан Әлімқұлов қатысты. Судья Ерғали Мәуленов шағымданушы Элмира Тілеуовадан облыс прокурорына жазған хаттарының түпнұсқасын тапсыруды сұрады. Шағымданушы хаттарды алдағы отырысқа алып келетінін айтты.

Элмира Тілеуованың Азаттыққа айтуынша, 2017 жылы Түркістан қаласының прокурорының ұсынысы негізінде Майшай Әбенова атындағы мектеп директоры қызметінен босатылған. Қала прокурорының ұсынысы қаншалықты заңды екеніне баға беруін сұрап облыс прокурорына хат жазған.

"Түркістан қаласының прокуроры ұсыныс тастап, жұмысымнан босатты. Мұның қаншалықты заңды екенін білсем деймін. Ол үшін әуелі облыс прокурорына жазған хатыма жауап бермеу заңсыз екенін дәлелдегім келеді" дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары