Қостанайда кісі қолынан қаза болған Инна Махортованың әпкесі қайғылы жағдайдан кейінгі отбасының халін айтып берді деп жазады Alau.kz.
Инна қайтыс болғалы олардың өмірі күрт өзгерген. Әлі күнге қорқынышпен өмір сүріп жүр екен бәрі.
«Қызым жалғыз қалуға қорқады. Үлкен болса да жаныма кеп ұйықтайды. Ол адам әлі күнге бостандықта жүр. Ол адам емес, айуан. Дашаға істеген тірлігі таза айуандық тірлік. Оның өлі денесін көрдім. Әлі күнге шошынып ұйықтай алмаймын. Оның әлі күнге бостандықта жүргенінен қорқамын. Тағы біреуге осылай жасаса не болады?», - дейді марқұмның әпкесі.
Еске сала кетейік, бұған дейін 18 жастағы қыздың жоғалып кеткені хабарланған. Кейін орман алқабынан полицейлер бойжеткеннің өлі денесін тапқан. Қазіргі таңда «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.