$ 442.05  474.14  4.74

Тастап кеткен жігіті: БҚО-да 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталды

БҚО-да 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталды деп жазады Уральская неделя.

Дана Өтеғалиева биыл ғана мектеп бітірген. Тіпті Ресейге грантқа оқуға түсіпті. Шілде айында шетелге кеткелі отырған бойжеткен әскерден енді келген Асхат Темірбаев деген жігітпен араласады. Алайда, ара-қатынастары ұзаққа созылмай, қыз оны тастап кетеді. Ал жігіт болса, одан кек алу үшін өлтіруі мүмкін деген күдікке іліккен.

Бойжеткеннің көрішілері сол күні анасының ауруханада жұмыста болғанын, әлгі жігіттің қызды сыртқа шақырғанын айтады. Ол кезде әкесі ұйықтап жатыпты. «Асхат қызды өлтіріп, талдың арасына лақтырып кеткен», - дейді марқұмның көршісі Жаңылсын.

Қылмыстық іске қатысты тергеуді жергілікті ішкі істер департаменті жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Асхат Темірбаев ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары