$ 446.49  475.38  4.79

Тәртіп сақшылары құрған қылмыстық топ құрықталды

Құрамында павлодарлық тәртіп сақшылары болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ Ресей мен Белорусь елдерінен заңсыз әкелінген 70-тен кем емес көлікті сатып үлгерген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі қадағалау органы екінші басқармасының бастығы Бейсенбек Әлиев хабарлады. Еске сала кетсек, өткен жылдың 14-ақпанында Павлодар аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Дәулет Баяндинов, ешкімге беймәлім әкелі-балалы Перуевтер Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің көзіне түсіп қалған. Аталмыш іске қатысы бар тұлғалар Ресейден айдалып келген көліктердің шанағы мен қозғалтқыштарындағы нөмірлерін өзгертіп, 4,5 млн теңгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда Д. Баяндинов ҚР Қылмыстық кодексі 264-бабы 3-бөлігі бойынша ұйымдасқын қылмыстық топты құрып, жетекшілік еткені үшін айыпталуда. ҚР Бас прокурорының қаулысымен аталмыш атышулы қылмыстың бетін ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылған. Олардың қатарында ҚР ІІМ жеке қауіпсіздік басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе және Павлодар облыстарының қаржы полициясы мекемелерінің мамандары бар. Өткен жылдың қыркүйегінде Д. Баядинов қамауға алынды. Сол жылдың 9-қазанында ол ішкі істер органдарындағы жұмысынан шығарылды. - Мамыр айының соңында Павлодар аудандық ІІБ бастығының бұрынғы орынбасары ешқайда шықпау жөніндегі қолхатпен босатылды. Тергеу жұмыстары ұзақ уақыт жүргізілуде. Себебі Ресей мен Белорусь елдеріне сауалдар жолдануда. Аталмыш мемлекеттерден ұрланған көліктер әкелінген. Д. Баяндиновтан басқа қылмыстық топ құрамында тағы үш полицей бар. Тергеу амалдары тәмамдалуға жақын, - дейді Б. Әлиев.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары