$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облыстық ІІД басшысы казинодағы видеоға қатысты ақталып әлек

Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев Минск облысындағы казинода түсірілген даулы видеоға қатысты ақталып әлек. Аталған видеороликте шенді полицейдің казино столына қол созып, фишка тігіп жатқаны анық көрінсе де, ол ойын ойнаған жоқпын дейді. ІІД басшысының сөзін Tengrinews.kz порталы жариялады.

"Заңгер ретінде мен осы жағдайға қатысты видеоның түпнұсқалылығын анықтау мақсатында сараптама жүргізу қажеттігін айтып, қандай да бір пікір білдіруден бас тарта алар едім. Алайда, менің өмірлік ұстанымдарым достарымды ұстап беруге құқық бермейді. Иә, бұл видеода мен және Махмұд Мералиев түсірілген. Видео 2014 жылы түсірілген, ол кезде мен заңды түрде алған еңбек демалысында болған едім. Сонда мен екі досыммен және отбасыларымызбен Түркияға демалуға бардық. Шамамен бір аптадан соң біз Мералиевтің ұсынысымен Беларуське барып қайтуды шештік. Оның танысы хабарласып, бізді қонаққа шақырды. Ол сондағы казино иелерінің бірі екен. Содан қонақ үйде отырғанымда маған Махмұдтың әйелі досын үйге алып келуін сұрап хабарласты. Мералиев ол кезде мас болған. Мен оған жеткенше ол екі рет ұтыс тігіп үлгерген. Бірақ, кейін ол мас болғандықтан оған ойнауға рұқсат бермеді. Айтылған балағат сөздер жайлы айтатын болсақ. Видеоны мұқият көрсек, онда менің мүлде сөйлемегенімді байқауға болады. Көбі досымды мен деп ойлап қалған", -  деп ақталды Аян Дуйсембаев.

Атырау облыстық ІІД басшысының айтуынша, досының казинодағы ақшасы желіде айтылып жатқан сандарға қарағанда аз.

"Мұнда сомадағы ақшаны мемлекеттік шекарадан ешбір кедергісіз алып өту дегенді қалай елестетесіздер? Онымен қоса, казиноның ешқандай да иесі ойыншыларға осыншама ақшаны қарызға бермейді. Бұл сандырақ сөз. Мералиевтің 100 мың жайлы айтып жатқанын естідім. Осыған дейін ІІМ өкілдері 2014 жылы жүргізілген тексерістің ақшаның казиноға Мералиевтің есепшоттарынан және картасынан аударылғанын мәлімдеген еді", - деді Аян Дүйсембаев.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өзі Аян Дүйсембаевты ақтап, оның казинода құмар ойын ойнамағанын мәлімдеген болатын. Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері видеокадрларда бас полицейдің фишкаларды казино столына қойып жатқанын айтып та, көрсетіп те берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары