Астана қаласының №2 аудандық соты «ЭКСПО-2017» ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысын үйде қамап ұстау мерзімін ұзартты.
Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Алматы ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Қажымұрат Үсеновке қатысты бұлтарпау шарасының мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің өтінішін қанағаттандырды. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 3 айға дейін, яғни 2015 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ұзартылды.