Сот 46 жастағы Татьяна Семченконы 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар, 132 мың теңге көлемінде сот шығынын өндіру туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әуезов аудандық сотынан.
Прокурор Гүлмира Сейітқазиева бүгін, 13 тамызда процессуалдық келісімнің талаптарын оқыды. Айта кетейік, сотталушы Семченко онымен толықтай келіседі және өз ісіне өкінеді. Еске салайық, жол апатында бір қыз қайтыс болды және 9 бала зардап шекті. Алайда бұл іс бойынша тек зардап шеккен үш бала қарастырылып отыр. Судья қалған ата-аналарға азаматтық тәртіпте сотқа шағымдануларына болатынын ескертті.