$ 494.87  520.65  4.91

Шекарашылар есірткі тасымалдағандарды ұстады

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын өткізбек болған қырғызстандық екі азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Қордай-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды (Жамбыл облысы) Қырғызстаннан келе жатқан әйелді әуелі күдікті ретінде ұстады.

Жүрісі күдікті болып көрінген 32 жастағы әйелді шекаралық тексеру кезінде оның денесінен «скотчпен» оралған 4 түйіншек табылып, оның «гашиш» екендігі анықталды, салмағы 402 грамм болып шықты.

Сол күні түстен кейін жоғарыда аталған бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды қырғызстандық тағы бір азаматшаны ұстады. Қызметтік иттің көмегімен тексеру кезінде оның да денесінен салмағы 306 грамм 05 млгр. болатын «гашиш» табылды.

Сондай-ақ, еліміздің шығысында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары қазақстандық азаматшаны ұстауға мәжбүр болды.

Шекаралық тексеру барысында отандасымыз елімізге қарай алып өтпек болған - салмағы 3 центнерден асатын (330кг) дәрі-дәрмегіне қажетті құжаттарды көрсете алмады.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары