17.08.2015, 05:51

Шымкентте шенеунік ұсталды

24.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері пара алды деген күдікпен Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департамент басшысы С.Сейтімовті ұстады. 

otyrar.kz хабарлағандай, ол газ құю стансасын іске қосуға рұқсат беретін құжаттарды беру үшін «Шымкент Газ-терминал» қызметкері Ж.Жүнісовтен 120 мың теңге көлемінде пара алған.

«Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігіне (пара алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргзіліп жатыр», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ОҚО бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Ерлан Ермаханбетов. Сонымен қатар, «Шымкент Газ-терминал» қызметкері Ж.Жүнісовке қатысты ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Прокурор санкциясында С.Сейтімовке қатысты «кепілдік» төлау шарасы қолданылды.