Заң 30.09.2018 сағат 04:38  535

Ақтөбе облысында 2 топ жүзге жуық қылмыс жасаған

Ақтөбе облыстық ІІД басшысы Махамбет Абисатов облыстық мәслихаттың кезекті отырысында баяндама жасап, өңірде ірі қылмыстық топтардың ұсталғанын мәлімдеді.

Ақтөбе облысында 2 топ жүзге жуық қылмыс жасаған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оның айтуынша, екі қылмыстық топ жүзге жуық қылмыс жасап, елді үрейде ұстап отырған екен. Олардың мүшелерінің бәрі қолға түсті деп жазады aktobetimes.kz.

"Олар бопсалау, күш көрсету, алаяқтық, тонау, ұрлық, адамдарды саудалау және оларды жезөкшелікке жегу секілді баптармен айыпталып отыр. Сондай-ақ, күдіктілер заңсыз ойын бизнесімен айналысып, мұнай өнімдерін ұрлаған", - деп атап өтті ІІД басшысы.

Жалпы, облыстың полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 75 қылмыскерді ұстапты. Олардың 11-і халықаралық іздеуде болған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар