Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындады деп жазады Tengrinews.kz.
«Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Бірақ біз оны өлтіреміз деп жоспарламадық», – дейді ол Алматыда өткен сот процесінде.
Қиясовқа қару қолданып, ұйымдасып адам өлтірді деген айып тағылған. Оның жанында Жанар Толыбаева мен Арман Құдайбергенов те бар. Сот отырысы жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автоұрылардың қолынан қаза тапты.