$ 445.66  474.58  4.78

Автобуста шаштараз ұйықтап жатқан қыздың шашын қиып тастаған

Егде жастағы ер адам автобустағы жолаушы қыздың шашын рұқсатсыз қиып тастағаны үшін тұтқындалды деп жазады Stan.kz.

Оқиға Гонконгта орын алған. Автобуста кетіп бара жатқан ер адам алдыңғы орындықта ұйықтап отырған қыздың тым ұзын шашына ашуланған. Себебі қыздың шашы тізесіне тие беріпті.

Артынша ер адам сөмкесінен қайшы алып шығып, қыздың шашын бірнеше сантиметрге қысқартып қиып тастаған, деп хабарлайды South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Осы кезде оның әрекетін көрген басқа жолаушылар наразы болып, қызды оятқан. Ал шашының қиылғанын білген қыз сол жерде жылап жібереді.

Салдарынан автобус жүргізушісі полиция шақырды. Тәртіп сақшылары 65 жастағы қариядан сөмкесінде қайшының қайдан жүргенін сұрағанда, ол шаштараз болып жұмыс істейтінін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары