14 қаңтарда өткен сот отырысында Денис Теннің анасы Оксана Тен сотталушы Жанар Толыбаеваның телефонына шетелден қоңырау түскенін айтты деп жазады NUR.KZ.
«25 сәуір күні сағат 21:54-те Еуропаға қоңырау шалынған. Сізден (сот - ред.) өтініш, оның (Жанар Толыбаева - ред.) қайда және кімге хабарласқанын білсеңіз. Номер +4 деп басталады. Меніңше бұл Швейцариядан. Бірінші сен кейін ол саған қоңырау шалды.
6 мамыр күні және 3, 5, 7, 20 масымда кіріс және шығыс қоңыраулар болған. Сосын сим картаңды лақтырып жібергенсің. Соңғы рет сен хабарласқансың, ол саған кері қоңырау шалмаған.
Телефон номерлеріне қатысты шағымым бар. Өйткені бұл номерлер Денистің араласатын ортасындағы бір танысының номеріне сәйкес кеп отыр», - дейді Оксана Тен.
Бірақ Жанар Толыбаева Еуропаға қоңырау шалмадым деп отыр.
«Бұл номерлер Қырғызстан не Өзбекстан болуы мүмкін», - дейді күдікті.
Оксана Тен бұған дейінгі сот отырысында Денис Теннің өлімінен кейін айыпталушылардың бірінің отбасылық жағдайы бірден жақсарып кеткенін айтқан болатын.
Еске сала кетейік, Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автоұрылар қолынан қаза тапты.