$ 524.58  551.91  4.93

БҚО-да әйел 3 жасар қызды сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды

БҚО-да әйел 3 жасар қызды сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды деп жазады Мой ГОРОД.

14 қаңтарда ауруханаға ауданнан кішкентай қыз бала жеткізілген.

«1985 жылғы әйел 2016 жылғы сәбидің денесін жарақаттаған. Қазір ҚР ҚК 106-бабы 2-тармағына (Кәмелет жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар қыз баланың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтады. 

«Ем қабылдап жатыр. Жақсарып келеді. Қазір нейрохирургия бөлімінде жатыр», – деп хабарлайды басқарманың баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары