Заң 24.01.2019 сағат 05:58  200

Алматы әуежайында жігіттер досын жүк сөмкесіне салып Астанаға ұшпақ болған

23 қаңтар күні Алматыда 20-26 жас аралығындағы 5 жігіт достарының бірін жүк сөмкесіне салып, Астанаға ұшпақ болған деп хабарлайды Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі. 

Алматы әуежайында жігіттер досын жүк сөмкесіне салып Астанаға ұшпақ болған
Көрнекі сурет
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Qazaq Air әуе компаниясына билет алған олар жүкті өткізгенде 23 келіден асып кеткен. Кассадағы кісі заттарды 2 сөмкеге бөлуге не қосымша ақша төлеуді ұсынған. Алайда көм ұзамай кассадағы кісі жүк сөмкесінің сыртынан адамның қолын байқап, полиция шақыртқан. 

Сөмкеден шыққан ер адамды көпшілік көріп, видеоға түсіріп алыпты. Бірақ олардың ешқайсысы да видеоны әлеуметтік желіге бөліспеген. 

Жауап беру кезінде 5-еуі де бұндай практиканы қалжыңдап ұйымдастырғанын айтқан.

Енді 5 қылжақбас әкімшілік кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша жауапқа тартылып, 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 20 күнге қамауға алынады. 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар