ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлт жоспарын халыққа кеңінен таныту және жүзеге асыру мақсатында үгіт-насихат тобын құрып, 2015 жылдың шілде-тамыз айларында облыстың барлық аудан-қалаларының шалғай мекендерінде көшпелі кездесулер ұйымдастырып, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін бірінші институттық реформаны түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында аталмыш тақырып төңірегінде баяндама жасалып, сұрақ-жауап әдісінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіпкерлермен, жастар және ардагерлер ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік қызметшілермен өтілген әрбір кездесулерде елімізде белең алған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерімен қатар, «100 нақты қадам» стратегиялық жоспарын талдап, талқыланды.
- Меритократия қағидатының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан-қала әкімдіктері, облыстық басқармалар мен аумақтық органдардан мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар жинақталып, орталықтанған жұмыс комиссиясына жеткізілуде, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «Аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.