21.09.2015, 12:50

Сыбайлас жемқорлыққа шариғат тұрғысында да жаза бар  

Фото: janaru.kz

Сайрам ауданында  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған семинар-кездесу өткізілді. Семинар-кездесуге «Нұр Отан» партиясының Сайрам аудандық  филиалы мен  «Жастар орталығы» мекемесінің  жауапты тұлғалары, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық орталық мешіттің баспасөз хатшысы, ауылдық округтердегі жастар ұйымдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері, ауылдық мешіттердің имамдары мен қызметкерлері, аудан тұрғындары мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  

Семинар-кездесу барысында партияның сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты С.Сағындықов «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында атқарылып отырған жұмыстар туралы ақпарат берді.

- Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар; кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі; кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы, - деп атап өтті  Сайрам аудандық мәслихатының депутаты С.Сағындықов.

Аудандық «Жастар орталығы» мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Биназаров Ұлт жоспары жөнінде  өз пікірін білдірсе, аудандық орталық мешіттің баспасөз хатшысы А.Тілеуберді  сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің шариғат тұрғысындағы жазасы туралы айтып өтті.

Іс-шара барысында департамент және басқарма тарапынан дайындалған бейнероликтер көрсетілді.