$ 494.87  520.65  4.91

Мұхтар Әблязов Ресейге экстрадицияланады

Франция Әбіләзовты Ресейге экстрадициялауға келісті. Бұл туралы ресейлік «Новости»  ақпараттық агенттігі экс-банкирдің қорғаушысына сілтеме жасап хабарлады.

Франция билігі «БТА Банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовті Ресей Федерациясына экстрадициялауға келісім берді.

Бұған дейін Францияның кассациялық соты банкирдің экстрадициялауға қарсы аппеляциясын қабылдамаған еді.

БТА Банк директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Қазақстан азаматы Мұхтар Әбіләзов Францияда 2012 жылдың 31 шілдесінде ұсталған.

Банкирді үш ел: Ресей, Украина және Қазақстан сұратқан.

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отыр. 2014 жылдың қаңтарында төменгі инстанциядағы сот оны экстрадициялауды қолдады, бірақ сәуір айында кассациялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралды, ол да банкирді беру туралы сұранымды қанағаттандыруды ұсынып, Ресейге басымдық берілетінін мәлімдеді.

Қазақстанда Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллардан астам соманың қаржылық алаяқтығын жасады деп айыпталды. Ол өз отанында мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары