Ақтөбеде 2 күзетші терроризмді насихаттады деген айыппен сотталды. Қуанышбек Жайлаубаев қарулы джихадқа үндегені үшін 2014 жылы да істі болған екен деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
28 ақпан күні 30 жастағы Азамат Баймурзин 7, ал 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев 8 жылға бас бостандығынан айрылды.
Екі күзетші де ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.