20.10.2015, 09:01

Түрмеден қашқан қырғыздың бірінің көзі жойылды

http://www.azattyq.org/

Қырғызстан ішкі істер министрлігі тергеу изоляторынан қашқан төртеудің біреуінің көзі жойылғанын хабарлады. Министрлік таратқан ақпаратта Азамат Мүсүрәлиевтің өткен аптадан бері Қырғызстандағы Шу облысының Сокулук ауылында жасырынып жатқан жерінде көзі жойылғанынан басқа мәліметтер айтылмайды, деп жазады Азаттық радиосы.

12 қазанда Шу облысындағы түрмеден тоғыз адам қашып кеткен. Оның бесеуін қырғыз полициясы ұстаған еді. Тұтқындарды тоқтату кезінде түрменің төрт қызметкері қаза тапқан. 16 қазанда түрмеден қашқан төртеудің бірі Бішкек қаласының маңында өлтірілді.

Қазір қалған екеуі іздестіріліп жатыр. Олар туралы ақпарат берген адамға бір миллион сом (14 мың доллар) көлемінде сыйақы тағайындалған.