Елде доллармен бірге пара көлемі де өскен. Үш жыл бұрын орташа пара 61 мың теңге болса, былтыр ол 193 мыңды құрапты. Бұл туралы Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық форумында мәлім болды деп жазады Astanatv.kz.
Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген арнайы сауалнама қортындысы бойынша Қазақстанның қай аймағында жемқорлық шарықтап тұрғаны анықталды. Сонымен, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі ең жоғары өңірлер көшін Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары бастап тұр. Ал жемқорлық аз аймақ ретінде екінші жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан облысы тіркелді. Сондай-ақ, Ақмола мен Қызылорда облыстары да бар.
Айта кету керек, бұл көрсеткіш 4 мыңнан астам бизнесменнен алынған сауалнамаға сүйеніп жасалған. Ұлттық палата мемлекеттік органдар арасында жемқорлық жер қатынастары басқармаларында өршіп тұрғанын атап өтті.