Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин 2 айға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Оған ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі негізінде айып тағылды. Лауазымды шенеунік аса ірі көлемде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Қамау мерзімі 13 наурыздан бастап есептеледі», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.
Нұрлан Тұрдалин 5 іргелі медициналық мекемеде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап «Алматы орталық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас дәрігер қызметін атқарып келді.
Айта кету керек, жақында қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты іс қозғалған болатын. Оған лауазымды тұлғаларға 25 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген айып тағылып отыр.
Қазір қалалық денсаулық сақтау басқармасын Қанат Төсекбаев басқарып отыр.