Заң 04.04.2019 сағат 12:31  162

Қызылорданың бас санитар дәрігері әріптестерінен пара алған

Қызылорда облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы - облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері қарамағындағы дәрігерлерден жүйелі түрде пара алғанын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына сілтеме жасап.

Қызылорданың бас санитар дәрігері әріптестерінен пара алған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының м.а. - облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің парақорлық фактісін анықтады. Ол қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін қарамағындағы аудандық бөлімшелердің басшыларынан 30-50 мың теңге аралығында жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікті атанды», - деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте. 

Сондай-ақ, күдікті санитарлық талаптарға сәйкестік туралы оң шешім шығару үшін жеке балабақша өкілінен 150 мың теңге сомасында пара алған. 

«Күдікті кінәсін толық мойындады. Тергеу жұмыстары жалғасуда», - дейді Арман Бердалин.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар