Заң 18.04.2019 сағат 11:50  416

Жетісайда 3 қыздың адамшошырлық оқиғасынан кейін аудандық шенеуніктер жаппай жазаланбақ

Түркістан облысы Жетісай ауданында 6, 7 және 8-сынып оқушыларына зәбір көрсеткен өгей ана қамауға алынды. Ал бұл жайтқа неқұрайлық танытқандар жазаланбақ, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Жетісайда 3 қыздың адамшошырлық оқиғасынан кейін аудандық шенеуніктер жаппай жазаланбақ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты уақытылы анықтау бойынша жеткіліксіз жұмыс жасағаны үшін аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, әлеуметтік пелагог және 3 сынып жетекшілеріне қатысты қатаң тәртіптік жаза қолданылатын болады.

Тексеру барысында әкесінің бірге тұратын әйелімен (қыздардың өгей аналарымен) заңды некеде тіркелмегені және әйелдің бұл қыздардың заңды өкілі болмағаны анықталды. Тергеу іс-шаралары барысында балаларға физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсету фактілері анықталды. Қазіргі кезде қыздардың өгей аналары уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, 3 қыздың денелері көгерген түрлі суреттер мен видеолар күні кеше әлеуметтік желіге жарияланып, қызу талқыға түскен. Кейін бұл қатігездікке барған өгей шешелерінің ұсталғаны хабарланды. Зәбір көрсеткен әйел екінші сәбиіне аяғы ауыр боп шықты. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар