Заң 25.04.2019 сағат 11:26  92

Алматыда пәтер тонаушылар тобы ұсталды

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан ұрылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, төрт адамнан тұратын топ кілттері сәйкес келген бөтен үйлерді тонап кетіп жүрген.

Алматыда пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бұлардың әрқайсысы өзінше бір қызмет атқарған. Біреуі көлік айдаған, екіншісі сырттан бақылап тұрып, үшіншісі үйді тонаумен айналысқан. 23-29 жастағы жігіттер бір-бірімен жақын таныс болған.  Олар бір үйден теледидарды ұрлап, оны 60 мың теңгеге сатқан. Енді өзара сыбайласа жасаған ұрлық үшін жауап береді. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр. Ұсталғандар уақытша оқшаулау изоляторында қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді полиция департаментінен.

 Айта кету керек, жыл басынан бері Алматыда 194 ұры ұсталды. Олар қала көшелерінде, қоғамдық көліктерде тұрғындардың қалтасына түсіп отырған.

«Тәжірибе көрсеткендей, олар қоғамдық орындарда таңертең және кешке шығады. Өйткені, осы уақыттарда ұрлыққа шыққан тиімді. Бірақ полиция ұрлықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс атқарып жатыр. Атап айтқанда, 194 ұрының суреті қоғамдық орындарда жарияланды. Енді олардың көпшілігі өзінің туыстары мен таныстарынан ұялып, аяқ тарта бастады», - деді қалалық Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы басшысы Есен Ысқақов.

 

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар