$ 494.87  520.65  4.91

Аустриядағы мектептерде хиджаб киюге тыйым салынды

Аустрия парламенті мектептерде хиджаб киюге тыйым салуға байланысты заң қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.

Аталмыш заң жобасын қабылдамас бұрын парламент дауысқа салды. Аустрия Халықтық партиясы және Аустрияның еркіндік партиясы бірауыздан бұл заңды қолдауға дауыс берді. Осыған орай, парламент өкілдерінің көбісі жаңа заң жобасын қабылдауға дауыс берді. 15 мамырдан бастап аталған заң өз күшіне енді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қарашасында Аустрия парламенті балабақшаларда хиджаб киюге тыйым салған болатын.

Аустрияда 2017 жылдың 1 қазанынан бастап қоғамдық орындарда хиджаб киюге болмайды. Егер де кімде-кім қабылданған заңға нұқсан келтіретін болса, 150 еуро айыппұл төлейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары