23.05.2019, 15:00

Талдықорғанда төбелескен қыздарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: NewTimes.kz
Оқиға Талдықорғанда мамыр айының 18-нен 19-на қараған түні болған.

Әлеуметтік желіні шулатқан бұрымдылардың төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы SN.KZ тілшісіне Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет хабарлады. 

Оқиға Талдықорғанда мамыр айының 18-нен 19-на қараған түні болған.

«Бұл іске қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген. Жедел іздестіру шарасы негізінде қоғамдық тәртіпсіздікке қатысқандардың 1992-2001 жыл аралығында туған жастар екені белгілі болды. Олар табылып, қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі күні ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы бойынша «Бұзақылық» деп танылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» , – дейді Көбейхан Нұрахмет.

Тегтер: Талдықорған