$ 448.56  478.03  4.79

20 мың теңге үшін 10 жастағы балаға бірнеше жерден пышақ сұққан алматылық ұсталды

Жасөспірімнің суреттеуімен тәртіп сақшылары 21 жастағы Дархан Айдархановты Үшарал қаласында қолға түсірген.
Фото: SN.kz
Фото: SN.kz

Алматыда 10 жастағы баланы бірнеше жерден пышақтаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды SN.kz тілшісі.

Жасөспірімнің суреттеуімен тәртіп сақшылары 21 жастағы Дархан Айдархановты Үшарал қаласында қолға түсірген.  

«10 жасар жасөспірімге шабуыл жасап, оны бірнеше рет пышақтаған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет. 

Осыған дейін полициядан хабарлағандай, күдікті жігіт баланың үйіне алдап кіріп, 20 мың теңге алып, мектеп оқушысына бірнеше рет пышақ сұққан. 

Қазір бала ауруханада, оның жағдайы қалыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары