Заң 05.06.2019 сағат 12:24  10428

Сәуле Әбединованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ал блогер Құрал Сейтханұлының айтуы бойынша, Сәуленің үстінен бірнеше әйел шағымданған. Әзірге бұл әйелдердің біреуінің ғана есімі белгілі болды.
Сәуле Әбединованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: kaz.caravan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сәуле Әбединованың үстінен «алаяқтық» бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Yvision.kz сайты хабарлайды.

Басылымның жазуы бойынша, Әбединова аналарға тезірек үй алып беруі үшін көпбалалы аналардан екі миллион теңгеге дейін ақша алған. Алданып қалғанын түсінген аналар тележүргізушінің үстінен шағымданып, полицияға арыз жазған.

Құқық қорғау органдарының инсайдерлік ақпаратына сәйкес, қылмыстық істер қазір тіркелуде. Сонымен қатар, арыз-шағымдар әлі де түсуде.

Ал блогер Құрал Сейтханұлының айтуы бойынша, Сәуленің үстінен бірнеше әйел шағымданған. Әзірге бұл әйелдердің біреуінің ғана есімі белгілі болды. 

Сатқынбекова Ұлжалғас деген әйел «2019-жылдың 31-мамыр күні Тимирязов пен Жароков көшелерінің қиылысында орналасқан Тұрғын үй басқармасы маңында Сәуле мені митингке шығуға үгіттеді. Егер митингке шықсаң саған үй мәселесін шешіп беремін деп айтты» деп шағым берген. 

«Ондай әйел жайында Сәуле де, мен де ештеңе білмейміз. Енді не істейміз? Қазақтың Ақжүнісі Сәулені қалай құтқарамыз достар?», - деп ашынды Құрал Сейтханұлы.

Ал «Ақжүніс аналар» чатында митинг туралы да, қаржы да туралы да айтылмағанын көпбалалы аналар жарыса жазуда.

«Ақжүніс аналар чатын да біз де бармыз, митинг туралы айтқан емес», «Сәуле ешқашан митингке шақырған емес және заңнның шеңберінен аспауды бәрімізге айтып отырды», - деп жазды желі оқырмандары.

Дереккөз: kaz.caravan.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар