Түзету мекемесінің символына айналған аю тордың арғы жағында көп жылын өткізіп, көрші облыстағы демалыс базасына аттанды, деп жазды informБЮРО.
Катя есімді бұл жануар Қостанай облысындағы жоғары қауіпсіз режимдегі абақтыда соңғы 15 жылын өткізіп, зообаққа ауыстырылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі жариялады. Демалыс базаларының бірінде Катяны цирк әртістері балалық шағында тастап кеткен. 2004 жылы көпшіліктің көңілін аулап жүрген аю баланы тырнап алған соң, колонияға өткізілген.
Осы уақытқа дейін УК-161/2 мекемесінде жазасын өтеушілер қылмыскер аюды бағып-қаққан.
Енді Катя Петропавл қаласындағы «Абакшино» демалыс базасын мекендейтін болады.
«Ол жақта Катяны ұзақ уақыт дағдылайтын және медициналық көмек көрсететін кіші зообақ бар. Сонымен қатар, табиғатқа барынша жақын өмір сүруді үйретеді», - дейді колонияның инспектор-психологы, әділет капитаны Мощенко.