Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваны пара алғаны және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыптайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық заң жобасы білім және ғылым вице-министріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану), 364-бабы (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) және 366-бабы (пара алу) бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Бастарова.
Ол соттың санкциясымен білім және ғылым вице-министріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын атап өтті.
«Тергеу жалғасып жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен сот арқылы шығарылады», - деп толықтырды ол.
Білім вице-министрі және Ұлттық тестілеу орталығының басшысына қатысты іспен байланысты болуы мүмкін бе деген сұраққа Бастарова былай деп жауап берді: «қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюрода осы екі істің өзара байланысты екендігі туралы мәліметтер жоқ».
«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын 2 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады», - деді соттың баспасөз қызметіндегілер. Еске салайық, мұның алдында Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын.