Талдықорғандық азамат әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына тығып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Талдықорған қаласында жалға берілетін жер үйлердіңі біріндегі жертөледе 46 жастағы әйелдің денесі табылған. Күдікті ретінде марқұмның күйеуімен қатар тағы бір азамат қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Отбасының ішінде ұрыс туып, отағасы жарына пышақ сұққан. Ашуға булыққан күйеуі оқиға орнында тіл тарпай кеткен әйеліне жаны ашымастан досын шақырып, мәйітін жертөлеге жасырып қойған көрінеді. Бұл туралы Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов айтып берді.
«Аталған дерек бойынша Талдықорған қалалық ПБ мен ҚР қылмыстық процестік кодексінің 99 бабы, 1 бөлімімен сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады», - дейді Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов.