2015 жылғы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген шұғыл іздестіру шаралар нәтижесінде, Шымкент қаласының №2 емханасының бас дәрігері К.Ильясова 100 мың теңге пара алу барысында ұсталды.
Бұдан бөлек, К.Ильясованың сөмкесінен аталған емхананың қызметкерлерінің есімдері жазылған бірнеше хатқалтаға (конверт) оралған түрде - 61 мың, 90 мың, 150 мың теңге, сонымен қатар, басқа сөмкеде 50 мың, 70 мың, 50730 теңге және 100 АҚШ доллары шықты.
Атап өту керек, К.Ильясованың қаражат жинау іс-әрекеті осы мекеменің медициналық қызметтің сапа жөнінде орынбасары Н.Татыбаевамен топ құру арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылып отырған.
Тергеу барысында, бас дәрігер өзінің орынбасарына әрбір медицина қызметкерінен олардың лауазымдық қызметіне байланысты белгілі сомада қаражат жинаумен қатар, еңбек сыйақысы ретінде түскен қаражатты да бірнеше мәрте жинап отыруға тапсырма бергені анықталды.
Нақтырақ айтсақ, ғимараттың жөндеу жұмыстарына, тексерушілер үшін және т.б. сылтаулармен 5 мың теңгеден 150 мың теңге көлемінде қаражат жиналып отырған.
Атап өту керек, емхананың дәрігерлері мен медбикелеріне еңбек сыйақысы ретінде түсіп отырған қаражат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы түзілген «Меморандум» негізінде болатын. Меморандумға сәйкес, әрбір ауданның медицина қызметкерлері жақсы көрсеткіш (бала өлімі, онкологиялық аурулардың азаюы және т.б.) көрсеткен жағдайда, жұмысын одан әрі жандардыру және ынталандыру мақсатында оларға бюджет тарапынан сыйақы беріліп тұрады.
Қазіргі таңда, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлігінің 2,4 тармақшаларына сәйкес (алдын ала сөзбайласу және қылмыстық топ құру арқылы бірнеше рет пара алу) қылмыстық іс қозғалды.
Ағымдағы жылдың 23 мамырында сот қаулысымен К.Ильясоваға қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды, ал, Н.Татыбаеваға қатысты бұлтартпау шарасы қолдану мәселесі шешілуде.
Тергеу амалдары жүргізілуде.