27.09.2019, 06:09

Қарағандыда өгей әкесі 19 жастағы қызын 2 күн бойы зорлаған

Фото: Matrica.kz
Өгей әкенің қаһарынан қорыққан балалар шешелеріне тіс жармапты.

Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмаған екі ұлын ұрып-соғып, 19 жастағы қызын зорлаған өгей әке 9 жылға сотталды. Ол балаларды бірнеше ай бойы діни жоралғы жасауға күшпен үйретпек болған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Өгей әкенің қаһарынан қорыққан балалар шешелеріне тіс жармапты. Үйдің үлкені бойжеткен қыз зорланған соң ғана, анасы полицияның көмегіне жүгінген. 

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ :

Қорлық көрген бір үйдің үш баласы. 5 және 10 жастағы екі ұл мен 19 жастағы қыз бала. Балалардың айтуынша, өгей әке оларды аналары жұмысқа кеткенде таяқтың астына алуды әдетке айналдырған. Тіпті үлкен қызды зорлап, екі күн бойы пәтерде қамап ұстаған. Жәбірленуші осыдан кейін ғана отбасын зорлықтан құтқару үшін полициядан көмек сұрап, арыз жазыпты.

Бұл отбасы 2 жарым жыл бірге тұрған. Балаларға өрескел жәбір көрсеткен 45 жастағы өгей әке үш бірдей баппен айыпталды. Қазыбек би атындағы аудандық сот оны 9 жылға соттады. Сотталушы жазасын жоғарғы қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтейді. 

Жанатай СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ :

Болған жайтты балалар өздерінің анасына да айтуға қорыққан. Үстіміздегі сәуір айында жәбірленуші осы оқиғаның мән-жайын айтып шағымданған болатын.

19 жастағы жәбірленуші қыз өгей әкесінің діни білімді ғаламтордан алғанын айтқан. Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушы тыйым салынған дінді ұстанған. Дінтанушылар қазіргі таңда адамдардың рухани сенімді жиі адасатынын айтады.  

Айбек ОМАР, ИСЛАМ ҒАЛЫМЫ, ДІНТАНУШЫ: 

Исламда балаға зорлық-зомбылық көрсетпек түгіл, өзіне де, жақынына да, туыс-туғандарына да зорлық жасауға қатаң тыйым салынған. Балаға да, баланың ата-анасына Исламның тәлімін беру өте қажет болып тұр. Балаларға мектеп қабырғасынан бастап тәлім берсек жақсы болар еді.

Психологтардың айтуынша, балалардың көрген қорлықтарын жасыруы отбасындағы тәрбиеге байланысты. «Ұят болады», немесе «Үлкендерге бағыну керек» деген сөздер баланың болашақта өзгенің тегеуірініне төзуіне әкеліп соғады,- дейді. 

Кәмшат ИГЕМБАЕВА, Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРМУ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: 

Ұят деген нәрсе уақыт өте келе бала чего я хочу, не хочу дегенді білмей қалады. Басқалар үшін қызмет ететін болады. Кішкентай жасынан балаға эксплуатация жасайтын болсақ мысалға, әйел адам ажырасып , қасында кішкентай балалры бар делік, әрі қарай эксплуатация қалай жасайды? Мен өз - өмірімді жасап алайын , сендер қоя тұрыңдар мен біреуге қайта қосылған күнде де десе, бала сол атмосфераға үйренеді.

Полицияның мәліметінше, балалар аналарын қорғау үшін де зорлыққа төзіп келген. Сондықтан қаланың ортасында тұратын отбасындағы сұмдықты көршілері де байқамапты.   

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:  

Қазір балалар анасымен бірге. Отбасына психологиялық көмек көрсетілуде.

Тегтер: Қарағанды