$ 498.34  519.72  4.85

Бойжеткенді аяусыз ұрған қыздардың ісі сотқа жетпеді (ВИДЕО)

Қасындағы құрбылары ажыратудың орнына бұл бассыздықты таспаға түсіріп тұрған.

Әлеуметтік желіде осы жылдың сәуір айында қызылордалық қыздардың төбелесі қызу талқыланып, оның видеосы біраз көрілім жинаған еді. Алайда, бұл іс сотқа дейін жетпей, тергеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды «Жас Алаш».  

Қызылорда қаласында қоғам талқысына түскен қыздар арасындағы төбелестің видеосында бір қыз өзімен шамалас бойжеткенді аяусыз ұрады. Қасындағы құрбылары ажыратудың орнына бұл бассыздықты таспаға түсіріп тұрған.

«Қазақстан Республикасы ҚК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына және ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Жасөспірімдердің ата-аналары тарапынан полицияға шағым түскен жоқ», - деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Б. Байгелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары