01.10.2019, 14:05

Полицейлер уақытша қамау изоляторындағы адамның шашын алмайтын болды

«Мен осы бұйрықтың күшін жою туралы шешім қабылдадым», – дейді Ішкі істер министрі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдіктілердің шашын алуға рұқсат беретін бұйрықтың күшін жойдым деді, деп хабарлайды Азаттық рухы.

«Бізде санитарлық-эпидемиологиялық нормаға сәйкес, уақытша қамау изоляторына түскен адамның шашын 1,5 см-ге алып тастау туралы бұйрық болды. Енді мен осы бұйрықтың күшін жою туралы шешім қабылдадым. Сот шешімі шығып, адам колонияға түспейінше, оның шашын алмайды»,- дейді Ішкі істер министрі.

Бұйрықтың күшін жоюға Алматыда тергеу изоляторына қамалған Қанат Тезекбаевтың оқиғасы түрткі болды ма деген сұраққа министр екі-үш секундық үнсіздіктен кейін «кеше консилиум өтіп, сол кезде осындай шешім қабылдадық», - деп қысқа жауап берді.

Ішкі істер министрі, сондай-ақ, 29 жастағы ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты тергеу кезінде оның әкесі, Алматы полиция департаментінің басшысы Күдебаев тергеу кезінде қызметінен шеттетілмейтінін айтты.

Тегтер: Колония шаш